ҚР мен РФ-ның әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

ҚР мен РФ-ның әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Келісімге 2013 жылғы қаңтарда қол қойылды.

Келісімнің мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру болып табылады.

Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар, бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру тәртібі, сондай-ақ, бірыңғай өңірлік жүйенің жұмыс істеу тәртібін айқындаған.

Келісімде күшіне ену тәртібін айқындайтын нормалар, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ, Келісімді қолданумен және түсіндірумен байланысты даулы мәселелерді реттеу тәртібін айқындайтын нормалар да көзделінген.

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді.