ҚР МГМ республика бойынша 2012 жылы ақпан айында жанаармай құю стансаларының бөлшек сауда бағасын бекітті

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР мұнай және газ министрлігі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармай бағасын бекіту тетігі мәселесі бойынша  кезекті отырыста 2012 жылы ақпан айында жанармай құю стансаларының бағасын белгіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР МГМ республика бойынша 2012 жылы ақпан айында жанаармай құю стансаларының бөлшек сауда бағасын бекітті

Осылайша, Аи-92/93 маркалы бензиннің бағасы 1 литр үшін шамамен 106 теңгені құрайды. Ал Аи-80 маркалы бензинінің 1 литрі 80 теңгені, дизелді жанармайдың 1 литрі 90 теңгені құрамақ.