ҚР МСМ, ҰОК және «Қазақстан» телеарнасы спортты кеңінен тарату және насихаттау жөнінде меморандум жасасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Респаубликасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстанс Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарланді ҚР ҰОК баспасөз баянында.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиалық комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин және «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Қазақстан Республикасы халқының арасында спортты саласын дамыту мен ілгерілету жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды.
Меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған жұмыстарды бірлесіп күшейту көзделген. Басым бағыттардың бірі елімізде спортты дамыту мен Олимпиадалық қозғалысты, бұқаралық спорттық іс-шараларды телевизиялық насихаттау арқылы күшейту болып табылады.
Басым бағыт ретінде Қазақстан Республикасының Олимпиадалық спорт түрлерінен Ұлттық құрама командаларына баса назар аударылмақ.
Меморандумда спортшылардың телевизиялық жобаларға, сараптамалық бағдарламаларға, жаңалық сюжеттеріне қатысуын қамтамасыз ету қарастырылды және "Кazsport" телеарнасында жаңадан арнайы бағдарламалар (отбасылық, сауықтыру) ашу көзделген.
Сондай-ақ әріптестік меморандумына сәйкес «Қазақстан» РТРК АҚ Министрлік немесе ҚР ҰОК өткізетін спорттық бұқаралық іс-шаралардың басты ақпараттық серіктесі ретінде белгіленген.