ҚР-нің Қытайдағы елшілігі қызметкерлері ШҰАӨ-дегі қазақстандық азаматтарды іздеуді жалғастыруда

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Дамир Бәйменов/ - Шілденің 9-ында Шыңжаңнан Үрімші-Астана теміржол көлігімен Қазақстанның 260 азаматы, әуе көлігімен - 130, жерүсті көлігімен - 120 адам жолға шықты. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы алғанда тек соңғы тәуліктің өзінде мемлекеттік шекарадан барлығы 1 900 қазақстандық азамат бері өтті. Солай болғанымен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауы бойынша Үрімшіде осы кезеңде ҚР 110 азаматы жолға шықты. Олардың ішінде 32 адам арғы бетте қалуға ниет танытқан.

Шұғыл іс-қимыл мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, азаматтарды тасымалдау үшін Үрімшіге ұшуға даяр екі арнайы ұшақты іске қосу мәселесін қарастырды.

ҚР СІМ баспасөз хатшысы хабарлағанындай, емдеуде жатқан Қазақстанның бір азаматы, қытайлық дәрігерлердің деректері бойынша, ауруханада 70 күндей жататын болады. Оның жай-күйі тұрақты ауыр деп бағалануда.

ҚР Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері ШҰАӨ-дегі қазақстандық азаматтарды іздеуді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар