ҚР-ның батысында, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады - 22 мамырдағы ауа райы болжамы

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен 22 мамырда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ұйтқыған жел тұрып, кейбір аудандарда шаңды дауыл соғады.

ҚР-ның батысында, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады - 22 мамырдағы ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады, кейбір аудандарда тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын ұйтқыған жел тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, ұйтқыған желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с-ке, күндізгі ұйтқуы - 17-22 м/с-ке жетеді.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су деңгейі құбылады, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір өзендерінде (Арыс, Бадам, Қара Ертіс, Бұқтарма, Об, Үлбі және басқалары) жауын-шашын түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады, ШҚО-ның кейбір өзендері кемерінен асып, су басуы мүмкін. Қазақстанның жазықтықтағы аумақтарындағы өзендердің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.