ҚР-ның бірқатар аймақтарында су тасқыны, өзендердің арнасынан асуы және су басуы күтіледі - 30 наурызға арналған болжам

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - 30 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болып, кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман түсуі, көктайғақ болуы, желдің күшеюі күтіледі.
None
None

Республиканың батысы мен оңтүстік шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ТЖМ Қазгидрометке слтеме жасап.

Ақмола, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысында көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысында кейбір жерлерде тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.

Түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында - кей жерлерде тұман түседі, Ақтөбе облысында кейбір жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Алдағы үш тәулікте республиканың батысы мен орталығындағы өзендерде көктемгі тасқын жалғасады, су деңгейі бірте-бірте көтеріле береді. Жаңбыр жаууы күтілуімен байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аласа таулы өзендерінде 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында су беті көтеріліп, кейбір өзендерде - қар суының еруі салдарынан тасқын болуы, кемерінен асып, су басуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қабаты бұзылып, сең кептелісі және су деңгейінің көтерілуі орын алуы мүмкін. Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары шегінде жылғалар реттелуімен су деңгейінің құбылуы байқалады.

Соңғы жаңалықтар