ҚР-ның бірқатар облыстарында өрт қауіптілігі жоғары болатыны күтілуде - 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 27 сәуірде Қазақстан аумағының көптеген бөлігі циклонның ықпалында болып, сол арқылы кейбір жерлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Маңғыстау, Атырау облыстарында - шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрт қауіптілігі жоғары болады деп күтіліп отыр.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында сулылықтың ауытқылары күтіледі. Жайық өзенінде су деңгейлерінің бірте-бірте көтерілуі жалғасады.