ҚР-ның бірқатар облысында температураның төмендейтіндігі туралы ескерту жасалды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ елдің бірқатар облысында температура төмендеп, үсік жүретіндігі туралы ескерту жасады.
25-26 мамырдың түнінде Ақмола, Қостанай облыстарында ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 10 градус жылы болады.
25-26 мамырдың түнінде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының 2-7 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, 26 мамыр күні кейбір жерлерде 0-2 градус болады.
25-27 мамыр күндері Павлодар облысында ауа температурасы 2-7 градус жылылықты көрсетеді, 26-27 мамыр күндері 0-2 градус болады.
26 мамырдың түнінде Қарағанды облысында ауа температурасының 5-10 градусқа дейін төмендеуі күтілуде, кейбір жерлерде 2 градус жылы болады.
26 мамырдың түнінде Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, кейбір жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де мүмкін. 27 мамырдың түнінде ауаның температурасы 3-8 градусқа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 0-2 градус болады.