ҚР-ның бірқатар өңірлерінде тұман түсіп, жаңбыр жауады - 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - 12 қазанда Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалы сақталады, күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі. 
None
None

Тек республиканың батысында ғана атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында және күндіз Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жекелеген аймақтарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте Сырдария өзенінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар