ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы жобасына сәйкес келтіруге бағытталған

Заң жобасы қолданыстағы заңнамалық актілерді «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес келтіруге бағытталған. Негізгі заң жобасына жеке-дара қолданылатын құқықты актілер мәселелері регламенттеледі. Осыған байланысты заң жобасында «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңынан тиісті нормаларды алып тастау ұсынылады.
«Прокуратура туралы» ҚР Заңына да өзгерістер енгізіледі. Оларға сәйкес прокурор заңнамалық актілерді түсіндіреді. Осы өзгерістер негізгі заң жобасында прокурор түсіндіретін актілер тізбесінің кеңейтілуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда прокурор заңдарды жеке не заңды тұлғалардың білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі, заңдар азаматтардың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болған кезде заңның мазмұнын түсіндіреді.
Негізгі заң жобасында сонымен қатар Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін ресми түіндіруді Әділет министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырады.