19:19, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР-ның Литвадағы Елшісі Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.