ҚР-ның республикалық маңыздағы жолдарында үлкен жүкті машиналар қозғалысына шектеу қойылады
«ҚР республикалық маңыздағы қиыршықтасты-қатқыл асфальт-бетонды жабынды автомобиль жолдарында ауаның температурасы 25С-тан асқан кезде бір білікке 8 тоннадан асатын жүктемесі бар автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұл шектеулерге халықаралық келісімдерге сәйкес халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тартылған, сондай-ақ жол телімдерінде жол-құрылыс жұмыстарында жұмыс жасап жатқан мердігерлік ұйымдардың автокөлік құралдары жатпайды.
Сонымен бірге, жолаушылар таситын тез бұзылатын тауарларды, жүктерді және қауіпті жүктерді таситын көліктерге де бұл шектеулер қатысты емес.
Шектеулер ағымдағы жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда Алматы, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында енгізіледі», - деп көрсетілген хабарламада.
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан сияқты облыстарда енгізіледі.
«Солтүстік Қазақстан облысында «Челябі-Новосібір» автожолының жүретін бөлігін су басуына байланысты 525-530-ші шақырым учаскесінде (Петропавл қаласының маңы) автокөліктің барлық түрі бойынша қозғалыс шектелді. Мұнда жүру айналма жол арқылы жүргізіледі. Жолда айналып өту схемасы көрсетілген ақпараттық панно қойылған. Автожолды тәулік бойы торуылдау жүргізілуде», деп еске салады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.