ҚР-ның солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады - 14 тамызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 14 тамызда қазақстанның көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

ҚР-ның солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады - 14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың тек солтүстік аудандарында фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 15-22 м/с екпінде жел тұрады, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды. Атырау облысында өте қатты ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының көптеген жерлерінде, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.