ҚР-ның солтүстік-шығысында атмосфералық бөліктер ауа райының тұрақсыз сипатын сақтауда - 29 тамызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөлігінде 29 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі,
республиканың солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ғана атмосфералық бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда найзағай ойнайды.
Кейбір жерлерде желдің күшеюі күтіледі, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда кейбір жерлерде тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жел 15-22 м/с жылдамдықпен соғады, Атырау, Жамбыл облыстарында шаңды дауыл болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында, батыс, орталық, шығыс және солтүстік-шығысының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.
Жақын тәуліктерде Батыс Алтайдағы жекелеген өзендерде жаңбыр мол түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.