ҚР-ның заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Нұрсұртан Назарбаев заңды тұлғаларды құру кезінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқартуға, филиалдарды, өкілдіктерді есептік тіркеуді және әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.