ҚР-ның жекелеген өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 16 ақпан күні Қазақстанның көп аумағы әлі де көлемді антициклонның ықпалында болады.

ҚР-ның жекелеген өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық аумақтардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі, Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде жаяу бұрқасын көтріліп, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында - кейбір жерлерде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман болады деп күтілуде, Жалаңашкөл ауданында - оңтүстік-шығыстан секундына 20-25 метрге дейін жететін жел соғып, жел екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Шардара су қоймасына 16-17 ақпан күндері 1410-1420 м3/с шамасында су құйылуы мүмкін.