Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Майра Мелдебекова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.  1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын 1988 жылы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.  1993-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды.  2005-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.  2018-2020 жылдары – Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы;  2020-2021 жылдары –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы;  2021-2022 жылдары –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;  2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Майра Мелдебекова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол бұл қызметке 2025 жылғы 26 мамырда тағайындалған еді.

Майра Мелдебекова 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.

1993-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды.

2005-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.

2018-2020 жылдары — Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы;

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы;

2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;

2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Дархан Мырзабаев Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.