ҚР Омбудсмені «балалар интернеті» қызметін енгізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балалар құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Омбудсменнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Үндеуде көрсетілген мәселелердің бірі жағымсыз ақпараттық ортаның ықпалынан балаларды қорғауға байланысты. Атап айтқанда, омбудсмен ғаламторға кеңінен таралған кәмелеттік жасқа толмағандарды суицидке шақыратын ойындарға деген қоғам алаңдаушылығын атап өтті. Ол мәселенің әлдеқайда ауқымды екенін және оны шешуде терең сараптаманы, жүйелі көзқарастың қажет екенін айтты.

Аталған бағытта Үкімет қабылдаған шаралар сөзсіз, заманауи әрі тиімді, алайда олар ол шаралар аяқталған соң, мәселе түбегейлі шешілмей қала береді. Осыған байланысты, интернет қарым-қатынастары саласын заңнамалық тұрғыда жетілдіру ұсынылды.

Хат авторы балаларды зиянды ақпараттан қорғау шараларының заңнамалық тұрғыда нығайтудың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сай реттелгеніне баса назар аударады. 2007 жылы балалар құқығы жөніндегі БҰҰ комитеті өзінің  қорытынды ескертпесінде Қазақстанға бұқаралық ақпарат құралдарына балалардың психикалық, эмоциялық, әлеуметтік дамуына кері әсер ететін материалдарды жариялауға, көрсетуге рұқсат бермейтін нормативтік актілерді қабылдауды тездетуді ұсынды. 

Үндеуде Қазақстанның және өзге мемлекеттердің құқықтық базасын зерделеуге негізделген бірқатар нақты ұсыныстар бар. Осылайша, интернет-контентті жас бойынша жіктеу және контент қолданушысының міндетті тіркеу жүйесі болмаған жағдайда провайдер мен құқық иелерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар