ҚР Омбудсменінің төрағалығымен қинау фактілерін қарау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен қинау фактілерін қарау бойынша өткен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

ҚР Омбудсменінің төрағалығымен қинау фактілерін қарау бойынша жұмыс тобының отырысы  өтті

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл аппараттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырыста омбудсмен атына түскен өтініштер мен арыздар талдауы ұсынылды.

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқығын қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпараттандырды.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының пенитенциарлық және арнайы мекемелерінде осы жылдың ақпан айында жүргізілген жұмыс тобы мүшелері мониторингінің нәтижесі қаралды.

Отырыс барысында сотталғандардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтау, бас бостандығын айырылған тұлғалардың қоғамнан өз орнын табудың тиімді тетіктерін құру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Талқылау барысында қинауға қарсы конвенцияның Факультативті хаттамасын орындауды бақылауды жалғастыру, оларды ескертуге арналған Ұлттық превентивтік механизм құрудың маңыздылығы және қажеттілігі айтылды.

Отырыс барысында екшелген жұмыс тобының ұсынымдары уәкілетті органдарға жіберілетін болады.