ҚР Өңірлік даму министрі Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарында болды.
None
None

Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Министр 2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде құрылған Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағын аралады. Индустриялық аймақтың аумағында жалпы сомасы 46 млрд. теңгеге шамамен 6 мың жаңа жұмыс орындарын құрумен 63 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 13,8 млрд. теңге сомаға 31 жоба іске асырылды және 2 300 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Б.Жәмішев осы аймақ аумағындағы «Spirit Kazakhstan» ЖШС, «ЮгРегионПласт» ЖШС, «Ferrum Vtor» ЖШС, «Фирма Дана» ЖШС және «HILL Corporation» ЖШС-да болып, онда аталған кәсіпорындардың шығаратын өнімдерімен танысты.

Одан әрі облыс әкімдігінде министр Қазақстан Республикасы өңірлерімен индустриялық аймақтарды дамыту және қаржыландыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Сонымен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде аталмыш министрлік ағымдағы жылы 3 облыста 15 индустриялық аймақтарға - Ақтөбе облысында - 1, Қызылорда облысында - 4 және Оңтүстік Қазақстан облысында - 10 индутриялық аймаққа қаржы бөлді. Агроөнеркәсіп аймақтарын құру бойынша жұмыстарды қорытындылай келе, министр мұнда шағын және орта бизнес дамитындығын, үлкен жобалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының қолдау шараларымен іске асырылуы қажет екенін, ал шағын жобалар агроөндірістік аймақта кластер ретінде дамитындығын атап көрсетті.

Кеңестің соңында Б.Жәмішев облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдеріне министрлікке ағымдағы жылғы 1 сәуірде әр облыстардағы индустриялық аймақтарды құру бойынша бюджеттік өтінімдерді жолдауды тапсырды.

Күннің екінші жартысында Болат Жәмішев «Golden Nomad» ЖШС-ның ерлерге арналған классикалық костюмдер тігетін тігін цехына, дискілік ысырмалар өндіретін «KARLSKRONA LC AB» ЖШС зауытына және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын «Экофарм» ЖШС зауытына барды.

Сонымен қатар, Болат Жәмішев кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысып, әкімдердің орынбасарларымен, жер қатынастары басқармаларының және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумақтық жер инспекцияларының жетекшілерімен жер қатынастары және құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар жер ресурстарын тиімді пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды одан әрі арттыру, ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерге тиімді түгендеу жүргізу мәселелерін, сонымен қатар, жер заңнамасы саласындағы негізгі заңнамалық бастамашылдықты талқылады.

Кеңестің қорытындысы бойынша кездесу барысында дайындалған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар жер заңнамасын жетілдіруде ескерілетіні атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар