ҚР Өңірлік даму министрлігі 2020 жылға қарай мемлекеттік емес сараптама ұйымдарына жобалардың 90 пайызын беруді жоспарлап отыр

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Өңірлік даму министрлігі сараптама қызметін реформалау және бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеудің сапасы (ЖСҚ) жөнінде жұмыстарды жүргізуде. Барлық қабылданған шаралар жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінде бәсекелестік ортаны дамытуға мүмкіндік береді.
None
None
«Сонымен, 2015 жылға қарай мемлекеттік емес сараптама ұйымдарының қарауына құрылыс саласындағы жобалардың шамамен 50%-ын, ал 2020 жылға қарай - 90% дейін беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік сараптаманың қарамағында 2020 жылға қарай бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі жобалардың және бірегей нысандардың сараптамасы ғана қалады», - делінген ҚР Өңірлік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде. Сонымен қатар, министрлік құрылыс нысандарын жобалау бойынша сараптама қызметін реформалау жөніндегі Заң жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдармен. сондай-ақ ұйымдармен келісілуге бағытталды. Жобаны Үкіметке енгізу мерзімі - 2014 жылғы ақпанға, Парламентке енгізу мерзімі - 2014 жылғы сәуірге белгіленіп отыр. ЖСҚ қарау кезінде жол берілген барлық бұзушылық фактілері бойынша министрлікте қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-нің бас директорына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК бас директорының екі орынбасарын және басқармалары мен бөлімдерінің жауапты қызметкерлерін жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.
Соңғы жаңалықтар