ҚР Орталық мұражайында ашық есік күні өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында қазан айының 15-і күні қарттарға арналған ашық есік күні өтеді.

ҚР Орталық мұражайында ашық есік күні өтеді

Шараны мұражай басшылығы қазанның 1-і - қартар күні мерекесіне орай ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында қарт адамдар үшін мұражай қорындағы көне ескерткіштер мен жәдігерлердің тегін көрмесі ұйымдастырылады.