ҚР ОСК аккредиттеген шетелдік байқаушылар саны 236 адамға жетті

«Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 236 байқаушысын аккредиттеді. Оның ішінде 3 миссияның, атап айтқанда ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД байқаушылары және ШЫҰ байқаушылары миссиялары бар», - деді ол.
Сонымен қатар Т.Охлопкова ҚР Сыртқы істер министрлігінде тіркелген 19 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілі де кезектен тыс президенттік сайлауда байқаушы бола алатындығын атап өтті.
«Бұдан бөлек, отандық байқаушылардың да сайлауға бақылау жүргізуге құқықтары бар. Олар: саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де сайлауға байқау жүргізе алады. БАҚ өкілдерінің қызметтік куәлігі мен редакция тапсырмасы болса жеткілікті», - деді ОСК мүшесі.