ҚР ОСК БАҚ өкілдеріне сайлау науқанына орай семинар өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы БАҚ басшыларына сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережесін сақтау мәселелері жөнінде семинар өткізді. 
None
None

Семинар барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен негізгі баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін электораттық кезеңдегі БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының ережелері, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы ақпараттандырып, сайлау науқаны барысын жариялаудың негізгі қағидаларына көңіл бөлді.

«Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде БАҚ қызметін реттеу - сайлау процесінің ашықтығын, жариялығын және әділдігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ол.

.Ал ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Т.Қазанғап өкілетті органның қызметі туралы айтты. Сондай-ақ БАҚ-тың сайлау процесіндегі және қоғамды оның барысы туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.

ҚР Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары Н.Сүйіндіков үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелерін айқындап беріп, аталған мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты.

Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат өкілдері сайлау науқанын немесе сайлау алдындағы үгітті жүргізуді жариялауда Сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды айқындау және болдырмау жолдары мен әдістері тәжірибелік үлгілерде қаралды.Бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері БАҚ-тың сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтып, сайлау заңнамасының БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларын іске асыру әдістерін талқылады 

Соңғы жаңалықтар