ҚР ОСК баспасөз қызметі жаңа форматта өз жұмысын бастады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына орай ұйымдастырылған ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы жаңа форматта жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

ҚР ОСК баспасөз қызметі жаңа форматта өз жұмысын бастады (ФОТО)

«Ағымдағы жылы баспасөз орталығымыз заманауи техникалармен ғана емес, сонымен бірге жаңа ноутбуктермен де жабдықталды. Олардың барлығы да ақпарат беру жилігі жоғары итнтернетке қосылған. Бұған қоса, Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы жаңа форматта жұмыс істей бастады десек те болады. Яғни, бізде өткен кез келген шара ақпарат құралдарына жедел жетіп, олар орталыққа орнатылған теледидарлар арқылы кез келген отандық телеарнадан көрсетіледі», - деді ол.
Сонымен қатар, В.Жексембекова БАҚ өкілдеріне оңтайлы болуы үшін ҚР ОСК мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік байқаушылардың баспасөз мәслихаттарын өткізу үшін арнайы орын әзірленгенін де атап өтті.
ҚР ОСК баспасөз хатшысының атап өтуінше, бұл орталық Орталық сайлау комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын арттырып, сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін болады.
null
null
null