21:40, 17 Шілде 2017 | GMT +5
ҚР ОСК басшысы Бақытжан Жұмағұловқа төсбелгі мен куәлік тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ОСК төрағасы Берік Имашев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырды, деп хабарлайды аталмыш органның баспасөз қызметі.

Бақытжан Жұмағұлов 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тағайындалған С.Айтбаеваны, Б.Жұмағұловты, В.Волковты және Т.Мұсабаевты ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ретінде тіркеген болатын.