ҚР ОСК бесінші сайланатын Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекітті
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
Астана қаласы, 2011 жылғы 16 қараша № 61-104
Бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 175 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);
2) 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 16 қараша
№ 61/104
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/104
қаулысына 1-қосымша
2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну.
|
|
|
Саяси партиялардың жоғарғы органдары 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 5 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)
|
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Тиісті әкімдер. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (23-б.)
|
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (17-б.)
|
4. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (13-б.) |
5. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.
|
|
|
Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде. (24-б.)
|
6. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.
|
|
|
Тиісті әкімдер.Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей. (24-б. 5-т.)
|
7. Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді және саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені ұсыну.
|
|
|
Саяси партиялардың жоғарғы органдары. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 5 желтоқсанда аяқталады. (87-б.) |
8. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізім ұсынылған сәттен басталады және 2011 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)
|
9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы бірінші қарашаға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Партиялық тізім тіркелгенге дейін. (89-б.) |
10. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу және партиялық тізімге енгізілген әрбір Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік беру.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. (89-б. 8-т.)
|
11. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тарту.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы (37-б. 1-т.)
|
12. Партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей. (89-б.)
|
13. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
|
|
|
Салық қызметі органдары. Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде. (89-б.)
|
14. Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу.
|
|
|
Саяси партиялар. Саяси партияның Орталық сайлау комиссиясына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.)
|
15. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізім тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.)
|
16. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін тапсырылғаннан кейін. (31-б.)
|
17. Сайлау алдындағы үгіт.
|
|
|
Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және 2011 жылғы 13 қаңтарда 24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.)
|
18. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін. (28-б. 6-т.)
|
19. Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б.4-т.) |
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей. (26-б. 1-т.)
|
21. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.)
|
22. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиялары. (38-б. 1-т.)
|
23. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлауға кемінде бір күн қалғанда - 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей. (37-б. 3-т.)
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын. (2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де) (40-б.)
|
25. Дауыс беруді өткізу .
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні 2012 жылғы 15 қаңтарда, жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.)
|
26. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады. (43-б.)
|
27. Хаттаманың көшiрмесiн жұртшылықтың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілу.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (43-б. 8-т.)
|
28. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (94-б.)
|
29. Астана және Алматы қалаларында, облыстарда партиялық тізімдер бойынша дауыс беру нәтижелерін анықтау, тиісті хаттамалар жасау және оларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.
|
|
|
Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей. (94-б.)
|
30. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей. (97-б.)
|
31. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 1) т-ша)
|
32. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде - 2012 жылғы 4 ақпаннан кешіктірмей. (34-б. 4-т.)
|
33. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. (45-б.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/104
қаулысына 2-қосымша
2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну.
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда - 2011 жылғы 26 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)
|
2. Сайлаушылардың тізімін жасау.
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. (24-б.)
|
3. Сайлаушылардың тізімін акт бойынша Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясына беру.
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Дауыс беру басталардан жеті күн бұрын - 2012 жылғы 8 қаңтардан кешіктірмей. (24-б. 5-т.)
|
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясын хабардар ету. |
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 5 қаңтардан кешіктірмей. (93-1-б. 2-т.)
|
5. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің депутаттыққа кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына беру.
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда - 2011 жылғы 26 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)
|
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. (89-б.)
|
7. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы бірінші желтоқсанға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған кандидат тіркелгенге дейін. (89-б.)
|
8. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу және әрбір кандидатқа тиісті куәлік беру.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау күнінен жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 26 желтоқсаннан басталады және сайлау күніне он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. (89-б.)
|
9. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейін үшінші күннен кешіктірмей. (89-б.)
|
10. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
|
|
|
Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде. (89-б.)
|
11. Сайлау алдындағы үгіт.
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2012 жылғы 1 қаңтарда басталып, 2012 жылғы 14 қаңтарда 24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.)
|
12. Сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне) ұсыну. |
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Дауыс беретін күнге бес күн қалғанда - 2012 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей. (26-б. 1-т.)
|
13. Сайлаушыларды (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін) дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабардар ету. |
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі бес күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.)
|
14. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған пунктті ашу және тиісті хаттаманы жасау.
|
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру басталардан бір сағат бұрын - 2012 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де. (40-б.)
|
15. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу және дауыс беру нәтижелерін жария ету.
|
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 2012 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.)
|
16. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі хаттамасын жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.
|
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясының хатшысы. (93-1-б.)
|
17. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелерін анықтау, дауыстарды санау хаттамасын жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.
|
|
|
Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Сайлау өткен күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей. (94-1-б.)
|
18. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткен күннен кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 23 қаңтардан кешіктірмей. (97-б.)
|
19. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 26 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 1) т-ша)
|
20. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. (45-б.) |
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер жасалды.