ҚР ОСК: Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

 ҚР ОСК: Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ФОТО)

Сәйкесінше қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 ақпандағы №161/306 қаулысымен бекітілген дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Атап айтқанда, қағидалардан 7-тармақ алынып тасталды. Ал 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды. Оған сәйкес есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді», - деді Б.Мелдешов.

Осыдан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері сәйкесінше қаулыны бірауыздан қабылдады.
null null null null null null