ҚР ОСК ЕҚЫҰ-ның 48 және 9 шет мемлекеттің 18 байқаушысын аккредиттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, онда президент сайлауына шетелдік байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулы қабылданды.
None
None

«ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 48 және 9 шет мемлекеттен 18 байқаушыны аккредиттесін. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларына сәйкесінше құжат берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.

Сонымен қатар ол шетелдік байқаушыларға елімізде өтетін сайлауға байланысты әдістемелік нұсқаулық үш тілде әзірленгенін атап өтті.

ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар