ҚР ОСК қаулысымен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

т - ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/105 қаулысына қол қойылды, деп хабарлады ресми БАҚ.
None
None

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Астана қаласы, 2011 жылғы 16 қараша № 61/105

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасының, 101-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов


Астана, 2011 жылғы 16 қараша
№ 61/105

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2012 жылғы 16 қарашадағы № 61/105

қаулысына қосымша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен.

2011 жылғы 16 қарашада басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда - 2011 жылғы 14 желтоқсанда аяқталады.

(103-б.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті әкімдер. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей.

(23-б.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей.

(17-б.)

4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей.

(22-б.)

5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей.

(15-б.)

6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей.

(13-б.)

7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде.

(24-б.)

8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына жеткізу.

Тиісті әкімдер. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей.

(24-б. 5-т.)

9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.

Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары.

(103-б. 3-т. 1) т-ша)

10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары, депутаттыққа кандидаттар.

(103-б. 3-т. 2) т-ша)

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау.

Округтік сайлау комиссиялары. Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының кандидатты ұсынуы туралы хаттамасының көшірмесімен қоса оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде.

(103-б. 8-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 қарашаға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тіркелгенге дейін.

(104-б. 1-1-т.)

13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиялары. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2011 жылғы 20 желтоқсанда аяқталады.

(104-б. 8-т.)

14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.

Округтік сайлау комиссиялары. Бес күндік мерзімде.

(104-б. 5-т.)

15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиясы. Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.

(104-б. 6-т.)

16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.

(104-б. 1-1-т.)

17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары. Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы).

(34-б. 2-т.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

Округтік сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-б. 6-т.)

19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін тапсырылғаннан кейін.

(31-б.)

20. Сайлау алдындағы үгіт.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 21 желтоқсанда басталады және 2012 жылғы 13 қаңтарда 24 сағатта аяқталады).

(27-б. 2-т.)

21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін.

(28-б. 6-т.)

22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-б.4-т.)

23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей.

(26-б. 1-т.)

24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей.

(38-б. 2-т.)

25. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

(38-б. 1-т.)

26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi анықталатын округтiк сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей.

(43-б. 8-1-т.)

27. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары. Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын - 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей.

(37-б. 3-т.)

28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын. (2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де)

(40-б.)

29. Дауыс беруді өткізу .

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін.

(38-б. 1-т., 42-б.)

30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады.

(43-б.)

31. Хаттаманың көшiрмесiн жұртшылықтың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталысымен - дереу.

(43-б. 8-т.)

32. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу.

(108-б. 1-т.)

33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей.

(108-б. 2-т.)

34. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу.

(43-б. 8-1-т.)

35. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн отырыс өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей.

(43-б. 8-2-т.)

36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.

(16-б. 9) т-ша)

37. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей.

(111-б. 1-т.)

38. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей.

(44-б. 4-т. 2) т-ша)

39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде - 2012 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей.

(34-б. 4-т.)

40. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

(46-б. 3-т., 112-б. 1-т.)

Ескертпе: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.


Соңғы жаңалықтар