ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Мәжіліс депутаттығына 9 кандидатты тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.

ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Мәжіліс депутаттығына 9 кандидатты тіркеді

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

Кандидаттардың сапалық құрамы мынадай. Ер кандидаттар - 7 немесе 77,8, әйелдер - 2 немесе 22,2 пайыз. Барлық 9 кандидаттың да білімі жоғары. Кандидаттар арасында үш дипломды инженер, 1 дәрігер, 1 заңгер, 1 оқытушы, тағы үшеуі - басқа мамандық иелері. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттардың төртеуі ғылым, мәдениет және білім қызметкерлері болса,  үшеуі - V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Бір қызметкер - мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымның қызметкері және біреуі орталық мемлекеттік органда жұмыс істейді», - деді ол.

ҚР ОСК хатшысының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың орташа жасы 57,5 жасты құрайды.

«Ертеңгі күннен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясынан тіркелген кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі - сайлау алдындағы үгіт басталып, 19 наурыз күнгі 24.00 сағатта аяқталады»,  - деді Б.Мелдешов.

Айта кетейік, 2016 жылғы 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында 9 Мәжіліс депутатын сайлау өтеді