ҚР ОСК: Мәслихат депутаттары сайлауына сайлау бюллетеньдерін әзірлейтін нақты баспаханалар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 наурызға белгіленген барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауында сайлау бюллетеньдерін әзірлейтін нақты баспаханалар анықталды.
«2016 жылдың 20 наурызына тағайындалған ҚР мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюлетендерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша әр облыс, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық мүкіндіктер бар, сонымен қатар ҚР мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдерін әзірлейтін нақты баспаханалар анықталды», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Осыдан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері сәйкесінше қаулыны бірауыздан қабылдады.