ҚР ОСК мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 28 қазан күні Түркістан облысын, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, еліміздің 14 өңірінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ОСК мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды

Сайлау 83 сайлау округінде, оның ішінде 12 облыстық, 9 қалалық және 62 аудандық мәслихаттардың округтерінде өтті. Оған 14 облыстық, 8 қалалық, 46 аудандық, 83 округтік, 326 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

«Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 284 кандидат ұсынылып, барлық деңгейдегі мәслихаттарға олардың 252-сі тіркелді. 7 кандидаттың тіркелуі күшін жойғаннан кейін, сайлау бюллетеньдеріне 245-і енгізілді. Орташа бәсекелестік шамамен бір депутаттық мандатқа 3 кандидаттан келеді (2,95), дауыс берушілердің саны 69,9% құрады. Сайланған мәслихат депутаттарының 66-сы ер адам (79,5%), 17 - әйелдер (20,5%). Сайланған мәслихат депутаттарының орташа жасы - 47,4. Сайлау науқаны республика сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті», - делінген ОСК хабарламасында.