ҚР ОСК мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын жариялады

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 қазан күні республиканың 13 өңірінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау 63 сайлау округінде бір мезгілде өткізілді.

ҚР ОСК мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын жариялады

ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, барлығы облыстық мәслихаттардың 6, қалалық мәслихаттардың 5 және аудандық мәслихаттардың 52 депутаты сайланды.

167 кандидат ұсынылды. Бір депутаттық мандатқа бәсекелестік орта есеппен алғанда 2 кандидаттан артық болды.

Сайлау бюллетеньдеріне 136 кандидаттың аты-жөні енгізілді. Олардың 73-і - өзін-өзі ұсынғандар. 32 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген, тағы 40 кандидат - партияда жоқтар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлаушылардың дауыс беруге келуі 79,5 % құрады.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды 741 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізді.

Сайланған 63 депутаттың барлығы «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі болып табылады. Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында:

  • ерлер - 52 (82,5%)
  • әйелдер - 11 (17,5%).

Жалпы алғанда сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.