ҚР ОСК республикалық БАҚ-тар мен саяси партиялар үшін семинар өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы республикалық БАҚ-тар мен саяси партиялар үшін 2 семинар өткізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

ҚР ОСК республикалық БАҚ-тар мен саяси партиялар үшін семинар өткізеді

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, ҚР ОСК мен аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту жөніндегі жұмыс аясында жалпы алғанда 407 семинар, кеңес, тренинг өткізген.

«Сайлау процесіне облыс, қала және аудан деңгейінде барлық қатысушылар үшін тағы 573 семинар өткізу жоспарлануда», - деді ол.

Сонымен қатар Қ.Тұрғанқұлов жуық арада ҚР ОСК үгіт науқанын өткізу мәселелері жөнінде екі семинар ұйымдастыратындығын атап өтті.

«Біреуі - республикалық БАҚ басшылары үшін,  ал екіншісі - сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдері үшін», - деді ОСК төрағасы.