ҚР ОСК саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі мен шарттарын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депуаттарын сайлауда сайлауалды үгіт басталды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

Оның атап өтуінше, бүгіннен бастап партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын, жаңалықтар және талдау бағдарламаларынан өзге, бар ақпарат партиялардың сайлау қорынан төленуі тиіс. Жаңалықтар және талдау бағдарламаларын дайындауда партиялар мен кандидаттардың қызметін тең үлесте жариялау жөніндегі талап сақталуы қажет.

«Сайлау туралы заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды қажет етпейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы. Сайлауға қатысушы саяси партияларға шарттық негiзде баспасөз бетiнен орын немесе эфир уақытын беруге Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркегені туралы шешімінің көшірмесі және өкілетті адам қол қойған БАҚ басшысының атына жазбаша өтініш негіз болады. Шарттың талаптары белгiлi бiр партияға артықшылық туғызбауға тиiс, ал саяси партияның бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа да партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруі болып табылады», - деді ол.

Сонымен қатар Л.Сүлеймен кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынатындығын атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар