ҚР ОСК: Сайлауға қатысуға шақыру смс-хабарламаларын жолдауды құптайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың ұялы телефондарына сайлауға қатысуға шақыру туралы смс-хабарламаларына оң қарайды. Бұл туралы бүгін аталған комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
«Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарындағы сайлаушылардың ұялы телефон опеарторлары жіберген 2016 жылғы 20 наурыздағы сайлауға қатысуға шақыру туралы смс-хабарламаларына қатысты пікірлеріне Орталық сайлау комиссиясы өте жауапты әрі салмақты қарайтындығын атап өткім келеді. Егер біз осындай хабарларды жіберуге бастамашылық жасаған болсақ, онда мұндай хабарлар абоненттерге сағат 9-дан 18-ге дейін әрі бірнеше рет қайталанбай жіберілуі керек екендігі туралы шартты міндетті түрде айтамыз», - деді М.Сәрсембаев.