ҚР ОСК сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жоғары болатындығына үміт артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Молдова Республикасынан келген байқаушылар делегациясымен кездесті.

ҚР ОСК сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жоғары болатындығына үміт артады

Жүздесу барысында В.Фоос халықаралық байқаушыларды еліміздің сайлау заңнамасының ерекшеліктерімен, сонымен бірге ҚР Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық шараларымен жан-жақты таныстырды.

«Орталық сайлау комиссиясы және басқа да қоғамдық бірлестіктер тарабынан ақпараттық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Біздің ойымызша, сайлаушылардың басым бөлігі ертең сайлау учаскелеріне келеді әрі олардың белсенділігі жоғары болады», - деді ол.

Өз кезегінде халықаралық байқаушылар алдағы сайлаудың Қазақстан үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны табысты өткізуге тілектес екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, В.Фооспен кездесуге Молдова тарабынан аталған елдің Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Александр Симионов пен Молдова ОСК жанындағы Сайлау саласында үздіксіз білім беру орталығының әдіскері Иана Козырюк қатысты.