ҚР ОСК тағы 146 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда кезектен тыс президенттік сайлауға тағы 146 шетелдік байқаушы аккредиттелді.
ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, сайлауды байқау жөніндегі 2 миссиядан, 1 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттен 146 байқаушы аккредиттеліп отыр.
«Олардың ішінде 79-ы - Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның миссиясынан, 39-ы - ТМД байқаушылары миссиясынан, 3-еуі - Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ 18 байқаушы - АҚШ, 3-еуі - Ресей Федерациясынан және екеуден - Әзербайжан Республикасы мен Украинадан», - деді ол.