ҚР ОСК тағы 44 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда кезектен тыс президент сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 44 байқаушы аккредиттелді.
«ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылып отырған тізімге сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттесін. Оның ішінде ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ байқаушылар миссиясынан - 5, ТМД байқаушылары миссиясынан - 25, екі халықаралық ұйымнан, атап айтқанда, Түркі тілдес елдердің парламенттік ассамбелясы мен Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен - 7, 4 шет мемлекеттен - 7 байқаушы. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларға сәйкесінше куәлік берілсін», - деді ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын мақұлдап, ұсынылған барлық баййқаушыларды аккредиттеді.