ҚР ОСК ТМД байқаушылары миссиясының 12 байқаушысын тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
None
None

Комиссия мүшесі Татьяна Охлопкованың атап өтуінше, аталған қаулыға сәйкес Орталық сайлау комиссияс Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының 12 байқаушысын аккредиттейді.

«Тізім қоса беріліп отыр. Бүгін аккредиттейтін байқаушылар қатарында ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев және миссия штабының жетекшісі Евгений Слобода бар», - деді ол.

Айта кетейік, 18 ақпандағы жағдайға сәйкес Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың 2 миссиясының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ пен ТМД) 52 байқаушысын аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар