16:09, 09 Қазан 2013 | GMT +5
ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Әзірбайжан президентін сайлау барысын қадағалауда
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 2013 жылғы 9 қазанда өтіп жатқан Әзірбайжан президентін сайлау барысын қадағалауда.

ҚР ОСК төрағасы Баку қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралады. Сапар барысында Қ. Тұрғанқұлов Әзірбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Амангелді Жұмабаевпен бірге Әзірбайжан ОСК төрағасы Мазахиром Панаховпен, сондай-ақ, ТМД-дан келген қадағалаушылар міндетін атқарушылардан құралған жұмыс тобымен кездесті.
Әзірбайжандағы президент сайлауын Қазақстан Республикасының атынан ЕҚЫҰ, ТМД және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің құрамына енетін 49 қысқамерзімді және бір ұзақмерзімді қадағалаушы бақылауда.