ҚР ОСК үгіт науқаны заңнаманы бұзушылықтарсыз өтуі үшін икемді және жедел жауап қату мүмкіндіктерін қарастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы үгіт науқаны заңнаманы бұзушылықтарсыз өтуі үшін икемді және жедел жауап қату мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.
None
None

Л.Сүлеймен БАҚ өкілдерін «бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт жүргізу кезеңіндегі қызметіне қатысты неғұрлым жиі қойылатын сұрақтарына жауаптарды ҚР ОСК өзінің ресми интернет-ресурсында «Сұрақ-жауап» бөлігінде орналастыратындығын атап өтті.
«Сайлау туралы» заңнама қазір интернет мәселелерін толығымен реттемейтінін бәрі біледі. Мұндай жағдайда сайлау процесіне тартылғандардың барлығының бірыңғай түсінігі мен сындарлы тәсілдемесі болуы маңызды. Сондықтан Ортсайлауком электораттық процестің барлық субъектілерімен (партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, Бас прокуратурамен, ақпарат саласындағы өкілетті органмен) үгіт науқаны заңнаманы бұзушылықтарсыз өтуі үшін икемді және жедел жауап қату мүмкіндіктерін қарастырады» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар