ҚР ОСК жария еткен деректер Қазақстан сайлаушыларының көңіл-күйін толық көрсетеді - С.Лебедев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комисссиясы жария еткен деректер Қазақстан сайлаушыларының көңіл-күйін толық көрсетеді. Бұл туралы бүгін ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Сергей Лебедев мәлім етті.
«Біз ҚР ОСК жария еткен деректер Қазақстан сайлаушыларының көңіл-күйін толықтай көрсетеді деген қорытындыға келдік. Яғни, Қазақстан халқы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған саяси күштің пайдасына орай өз таңдауын жасады», - деді ол.
Сонымен қатар ТМД байқаушылары миссиясының басшысы ҚР сайлау комиссиялары мүшелерінің тамаша дайындығын да атап өтті.
«Сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындық деңгейі арта түсіп, олардың қатары жасарған. біз әдейі тексеруге арналған сауалдарды қойып едік, барлық жерде де білікті тұрғыдағы жауаптарды алдық. бұл қуантарлық жайт әрі біздердің жалпытанылған халықаралық нормаларға жақындай түскенімізге негіз болады», - деді С.Лебедев.