ҚР өзендерінде су тасқыны жағдайы жалғасуда - 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде,

ҚР өзендерінде су тасқыны жағдайы жалғасуда - 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облысында кейбір жерлерде 15-20 м/с дейін жел соғады, Оңтүстік Қазақстан облысында оған шаңды дауыл қосылады.

Жақын тәулікте Жайық, Покровка ауылынан төмен Есіл өзенінде, Ресеймен шекарадағы Тобыл өзендерінде су тасқыны жағдайлары, су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су көлемінің ауытқуы күтілуде.