09:22, 11 Шілде 2013 | GMT +5
ҚР ПӘ Басшысы орынбасарының төрағалығымен Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астанада 2013 жылдың 10 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінен мәлім етті, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Отырыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және ҚР Қылмыстық атқару кодексінің жаңа редакциялары жобаларының негізгі қағидалары қарастырылды. Осы мәселелер бойынша Әділет және Ішкі істер министрліктерінің ақпараты тыңдалды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық атқару кодекстерінің жобаларын пысықтау барысында ескерілетін болады.