15:39, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Сайын Есмағиұлы Шаймерден Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Бүгін аппарат басшысы Ерген Дошаев Сайын Есмағиұлын әріптестерге таныстырып, мемлекеттік жауапты қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кету керек, С.Шаймерден «Қазақстан» ұлттық арнасында еңбек жолын бастаған. Кезінде көрермендердің жоғары бағасына ие болған «Шарайна» бағдарламасында шыңдалып, «Хабар» агенттігінде өткір журналист ретінде танылған Сайын Шаймерден 2004 жылғы наурыз айынан бері «Айқын» және «Литер» газеттерін ақпарат айдынына шығарған «ЛИТЕР MEDIA» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.