ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған ең жас кандидат 33-те
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған ең жас кандидат 33 жаста. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.
«Мәжіліс депутаттығына үміткер азаматтардың ішінде ең жасы - Микаелян Наринэ Гамлетовна. Ол «Луис» армян мәдени орталығының төрағасы», - деді Т. Охлопкова.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан тоғыз кандидат ұсынылған болатын. Олар: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нұрымов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгениевич, Хахазов Шакир Хусайнович.
Жалпы ҚХА атынан ұсынылған кандидаттардың орташа жасы 57,5 жас.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 21 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА атынан ұсынылған депутаттарын сайлауы өтеді.