ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты студенттермен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Сағадиев Қазақ қаржы және экономика университетінің студенттерімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуде әлемдік дағдарыс, оның пайда болу себептері, одан шығу жолдары сөз болды. Осыған байланысты Кенжеғали Сағадиев: «Кейбір жерлерде 20-шақты адамның аты аталып, соларға кінә артылып жатқан жағдай да бар. Мен ойлаймын, түбегейлі кінә оларда емес. Мәселе басқа жағдайда. Біріншісі, ақша өз тұғырынан айырылып қалды. Ақшаның тұғыры дегеніміз ? тауар және қызмет айналымында. Ақша ештеңеге керегі жоқ, ол айналымды қамтамасыз ету үшін керек. Екіншісі, нарық идеологиясының бұрмалануы», - деді.«Басымыздан бұдан да қиын кездер өтті. Оны білесіздер. Қазір болса, олай емес, жағдай бар, Ұлттық қорымыз бар. Кезінде осы ақшаны халыққа бөліп беріңдер дегендер көп болды. Өз кезегінде Елбасымыз: «Алдымызда қандай заман бар, байқайық», деген болатын. Міне, қазір сол қор сақталып отыр. Шетелдіктердің өзі қиыншылық болса да, сендер бұл тығырықтан шығасыңдар деп жатыр. Ал енді келешек туралы айтатын болсақ, қоғамға білікті, білімді азаматтар беру міндеті тұр. Оның бәрі біздің, жастардың, ұстаздардың мойнында», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.Кездесуде Кенжеғали Сағадиевке аталмыш жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағы берілді.
Соңғы жаңалықтар