ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның жауапты хатшысы Петр Зверевті қабылдады
ТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) Парламентаралық Ассамблеясының Іс басындағы Төрағасы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның жауапты хатшысы Петр Зверевті қабылдады,
деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Орал Мұхамеджанов аталған ұйымның Бюро және тұрақты комиссиялары отырыстарының күн тәртібі жобаларын қалыптастыру туралы, сондай-ақ Парламентаралық Ассамблея Хатшылығы мен парламентаралық ынтымақтастықтың қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсынымдарын айтты.
Мейман ЕурАзЭҚ ПАА-ның ұйымдастыру-құқықтық жағдайы туралы мәліметтерді алға тартты.
Айта кету керек, ЕурАзЭҚ 2000 жылы 10 қазанда құрылған, бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан осы ұйымның мүшесі болып табылады. ПАА құрамына ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Парламенттерінен 106 депутат енген.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов 2011 жылы 14 мамырда ЕурАзЭҚ ПАА-ның Төрағасы болып сайланды.
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Санкт-Петербор қаласында орналасқан.